Duration 1:1

Жерлесіміз Динара Дүйсембаева әмбебап жекпе- жектен әлем чемпионы атанды

114 watched
0
1
Published 20 Dec 2021

Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының дене шынықтыру пәні оқытушысы Динара Дүйсембаева әмбебап жекпе- жектен әлем чемпионы атанды. Бұл атақты ол Түркияның Анталия қаласында 8-12 желтоқсан аралығында өткен чемпионатта жеңіп алды. Чемпионды әуежайдан туған-туыс, әріптестері сән-салтанатпен күтіп алды. Әмбебап жекпе-жектен өткен әлем чемпионатына 50 шақты мемлекет спортшылары қатысқан. Біздің Динара 57 келі салмақта Малайзия, Иран, Әзірбайжан палуандарын жеңіп, ақтық сында Украина өкілін қапы қалдырды. Осылайша чемпион атанды. 31 жастағы спортшы дзюдо, самбомен 20 жылға жуық уақыт бойы айналысып келеді. 2019-шы жылы Анапада өткен әлем чемпионатында күміс алып, самбо, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv

Category

Show more

Comments - 0